Үлкен жетілік елдері ДДСҰ-на вакцина бағыштайды

ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус тақырыпқа қатысты мәлімдеме жасады.

1657460
Үлкен жетілік елдері ДДСҰ-на вакцина бағыштайды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Үлкен жетілік елдерінің көмекке мұқтаж елдерге 870 миллион доза жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) вакцинасын таратуы туралы мәлімдемесін қуана қабылдағанын, бірақ мұның жеткіліксіз екенін білдірді.

ДДСҰ-ның жазбаша мәлімдемесінде Үлкен жетілік елдерінің «Ковид-19 вакциналарына жаһандық деңгейде қол жетімділік бағдарламасына» (COVAX) тікелей 870 миллион доза вакцина бағыштайтыны және осы қайырымдылықтың кем дегенде жартысының биылдың аяғына дейін, екінші бөлігінің болса 2022 жылы жүзеге асатыны атап көрсетілді.

Үлкен жетілік елдерінің COVAX-қа қолдауын растағаны баса айтылған мәлімдемеде ең кедей елдерге вакцина жеткізуде COVAX-тың алғашқы бағдарлама екені білдірілді.

ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Үлкен жетілік елдерінің шешімі туралы өз пікірін білдіре отырып «Қазір көптеген ел науқастанған адам санының көбеюімен бетпе-бет. Барша өз өмірімізді сақтап қалу үшін жарысамыз, бірақ бұл әділ бір жарыс емес. Көптеген ел әлі бастапқы орнынан әрең дегенде шыққан» деді.

Гебрейесус Үлкен жетілік елдерінің вакцина берудегі жомарт шешімін қуанышпен қарсы алғанын атап, «Дегенмен одан көбі қажет және біз бұл вакциналарға тезірек қол жеткізуіміз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар