Үндістандағы дауылда 21 адам көз жұмды

Үндістанда жойқын дауылдан мерт болған адам саны 21-ге ұласты.

1641540
Үндістандағы дауылда 21 адам көз жұмды

Елдің батысындағы бірнеше штатта ойран салған «Тауктае» циклонынан қаза тапқандардың саны 21 адамға жетті. Мамандар мыңдаған адамды эвакуациялады. Құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Үндістанның Мунбаи жағажай қаласынан бет алған мемлекетке тиесілі бір кеме батты. 

Қорғаныс министрлігі кемеден 146 адамның құтқарылғанын жариялады. 273 адамды тасымалдаған кемеде 127 адамның жоғалып кеткені мәлімденді. 

 



Ұқсас жаңалықтар