Израиль әскери ұшақтары түнімен Газаны бомбалады

Израильдің 10 мамыр күні бастаған шабуылдарында қазірге дейін 197 адам опат болды.

1640523
Израиль әскери ұшақтары түнімен Газаны бомбалады

Израильге тиесілі әскери ұшақтар түнгі уақытта Газаның оңтүстік, батыс және солтүстік аймақтарында көптеген жерге бомба жаудырды.

Израильге тиесілі соғыс ұшақтары кейбір көтерілісшіл палестиналық күштерге тиесілі орындарды, егістіктерді, даңғылдар мен инфрақұрылымды нысанаға алды, шабуылдардың салдарынан Газаның оңтүстігі мен батысында кейбір полиция орталықтары да қирады.

Шабуылдардың кейбір ғимараттар мен үйлерге қоса даңғылдар мен көшелерге үлкен зиян келтіргені, нысанаға алынған аймақтарда электр қуатының үзіліп, канализация, ауыз суы және электр желілеріне зақым келгені атап көрсетілді.

Израиль әскери ұшақтарының Газаның оңтүстігіндегі Рафах және Хан Юнус қалаларындағы кейбір үйлер мен егістіктерді де бомбалағаны хабарланды. Екінші жағынан теңізге қоныстанған Израиль соғыс кемелерінің Газа жағалауына қарай шабуылдағаны білдірілді. Шабуылдар нәтижесінде Дейр әл-Белах пен Газа секторында 2 үйдің қирағаны атап көрсетілді.

Хамастың әскери қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадалары бейбіт тұрғындарға бағытталған шабуылдарға жауап ретінде Израильдің Беершеба мен Аскалан қалаларына қоса кейбір елді мекендерге зымыран шабуылы жасалғанын мәлімдеді.

 

Ислами жиһад қозғалысының әскери қанаты «Иерусалим Сериййелери» болса Газада бейбіт тұрғындарды нысанаға алған Израиль шабуылдарына қарсы Газа шекарасында орналасқан Сдерот, Нетивот және Ханегев қалаларына тығыз зымырандық шабуылдар жасағандарын жариялады.

Израиль Газа секторына 10 мамырдан бастап жасаған шабуылдарда қазірге дейін 58 бала, 34 әйел, барлығы 197 адам опат болды. 1 мың 235 адам жарақат алды. Ондаған ғимарат толығымен қирады немесе жарамсыз болып қалды.



Ұқсас жаңалықтар