Баспанасыз адамдардан құтылудың жоспары

Жаңа әдісті сынға алғандар шараны «көше тазалығы» деп атады.

1633145
Баспанасыз адамдардан құтылудың жоспары

Дүние жүзіндегі ең бай елдердің бірі Швейцария баспанасыз азаматтар проблемасын оларды басқа елдерге жолдау арқылы шешуге тырысуда.

Елдің халық саны көп үшінші қаласы Базель баспанасыздық проблемасын шешу үшін үйреншікті емес бір әдіс тапты. Жергілікті баспасөзде жарияланған хабарларға қарағанда, Базель әкімшілігі баспанасыз азаматтарға Еуропаға қалаған жерлеріне кету үшін пойызбен саяхат билетін беріп,  қалталарына 20 франк салып беріп отыр. Жоспарды қабылдағандар Базель немесе Швейцарияға қайта оралмау үшін келісімге қол қояды. Осы ережені бұзғандар болса депорт етіледі.

Le News газетінің хабарына қарағанда, осындай ұсынысты қазірге дейін 31 кісі қабылдады.

Жаңа әдісті сынға алғандар шараны «көше тазалығы» деп атады.

Бұл Швейцариядағы басшылардың наразылық туғызған алғашқы ісі емес. 2004 жылы Женевадағы басшылар баспанасы жоқ бір әйелге көшеде қайыр сұрағаны үшін 500 франк айыппұл төлетті. Еуропа Адам құқықтары соты осы шешімге қарсы шығып, әйелге 1108 доллар өтемақы төленген болатын.

2016 жылы Вауд кантонындағы басшылар болса аймақта қайыр сұрауға тыйым салды. Халықтың наразылығына және адам құқықтарын қорғаушылардың бастамасына қарамастан,  осы тыйым әлі күшінде.



Ұқсас жаңалықтар