Жапониядағы Кашивазаки-Карива станциясы қайтадан іске қосылмайды

Жапониядағы Кашивазаки-Карива атом электр станциясының жұмысы тоқтатылды.

1620851
Жапониядағы Кашивазаки-Карива станциясы қайтадан іске қосылмайды

Жапониядағы Кашивазаки-Карива атом электр станциясының «маңызды қауіпсіздік мәселелері» себепті өндірісті қайтадан бастауына тыйым салынды.

Ядролық реттеу мекемесі Ниигата штаты жағалауындағы Tokyo Electric Power (Токио электр қуаты) компаниясы құрамындағы өндіріс орнының жұмысын қайтадан бастауына тыйым салды.

Бұған қарағанда Кашивазаки-Карива электр станциясында сақталған ядролық жанармайды тасымалдауға болмайды және объектідегі реакторға көшірілмейді. Тыйымның кем дегенде 1 жылға созылуы күтіледі.

Ядролық реттеу мекемесіне қарағанда барлық реакторлары ажыратылған электр станциясының 2020 жылы наурыз айынан бері «ақаулы бақылау жүйесі» себепті 15 бөлек жерде «рұқсатсыз кіруге» қарсы «қорғаныссыз» екені анықталған еді.

Киодо агенттігі Жапон теңізінің жағалауында орналасқан және әлемдегі ең ірі электр станцияларының бірі саналатын 7 реакторлы ядролық кешен үшін қабылданған ресми шешімнің Tokyo Electric Power компаниясының қаржылық жоспарларына зиянын тигізетіні білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар