Мысырдан Ливияға келген екі жәрдем ұшағынан қару-жарақтар табылды

Ливия армиясы Мысырдан елге келген екі ұшақтың қару-жарақ тасымалдағанын жариялады.

1620976
Мысырдан Ливияға келген екі жәрдем ұшағынан қару-жарақтар табылды

Ливия армиясына қарасты Сирте және Джуфра операциясы мәлімдемешісі генерал Абдулхади Дырах жасаған мәлімдемеде елдің оңтүстік батысындағы халықаралық Себха әуежайына қонған ұшақтардың қару-жарақ тасымалдағанын білдірді.

Дырах Мысырдан келген екі ұшақта дәрі-дәрмектің астына жасырынған қару-жарақ мен оқ-дәрілердің тәркіленгенін атап, «Екі ұшақта бір қатар дәрі-дәрмек бар. Бірақ жүктің көпшілігі қару-жарақ пен оқ-дәрі» деді.

Ливия Денсаулық сақтау министрі кеше фейсбуктен жасаған мәлімдемеде Мысырдан жіберілген екі  дәрі-дәрмек және медициналық материалдардың "Себха" халықаралық әуежайына жеткізілгенін жариялаған болатын.

Төңкерісшіл Халифа Хафтерге жақындығымен белгілі әл-Хадес телеарнасы болса Хафтер мен Мысыр мемлекет басшысы Абдулфетьтах әл-Сисидің ынтымақтастығымен Себбаға медициналық жәрдемнің жеткізілгенін жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар