Гутерреш АҚШ-ты "Жаһандық вакцинация жоспарына" басшылық етуге шақырды

Антониу Гутерреш АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен бейнеконференция өткізді.

1611156
Гутерреш АҚШ-ты "Жаһандық вакцинация жоспарына" басшылық етуге шақырды

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш коронавирус (ковид-19) эпидемиясын тоқтату үшін жаһандық вакцинация жоспары қажет екенін айтып, АҚШ-тың осы жоспарды басқаруын сұрады.

Антониу Гутерреш АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен бейнеконференция өткізді.

Бас хатшы бейнеконференцияның баспасөзге ашық бөлімінде АҚШ-тың жаңа әкімшілігінің жаһандық мәселелерге қарсы жан-жақты шешім іздеу тақырыбында басқан қадамдарын ризашылықпен қарсы алғанын тілге тиек етті. Гутерреш АҚШ-тың «Париж Климат келісіміне» қайта оралуының әлемді қайтадан үміттендіргенін, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымына (ДДСҰ) қосылуының да эпидемиямен күресте маңызды бір ынтымақтастықтың көрінісі екенін мәлімдеді.

Ковид-19 эпидемиясын тоқтату үшін жаһандық вакцинация жоспарына қажеттілік бар екеніне назар аударған Гутерреш «АҚШ-тың бұл тақырыпта маңызды рөл ойнауы мүмкін. Үлкен жиырмалық елдеріне бұл жоспарды жетілдіріп жүзеге асыру үшін «Төтенше жағдайлар қызмет күші» құруды ұсындым, дегенмен бұл АҚШ басшылығының ықпалы болмай мүмкін емес» деді.



Ұқсас жаңалықтар