ЕО, АҚШ және Жапония Мьянмадағы оқиғаларды айыптады

Мьянмадағы протесттерде қаза тапқан адамдардың саны 459-ға көбейді.

1610324
ЕО, АҚШ және Жапония Мьянмадағы оқиғаларды айыптады

Мьянмада әскери төңкеріс және сайланған үкімет мүшелерін тергеуге алынуына қарсы протесттерге қауіпсіздік күштерінің қарулы операциясы нәтижесінде қаза тапқан адамдардың саны 459-ға көбейді.

Мьянма саяси тұтқындарына көмек мекемесі жариялаған күнделікті есебінде соңғы 24 сағатта 36 құрбан бар екені расталып, өлгендердің жалпы санының кем дегенде 459-ға жеткені білдірілді.

Елде 2 мың 559 адамның қамауда болғаны және қамауға алу туралы шешім қабылданған 119 адамның болса жасырылғаны атап көрсетілді.

Екінші жағынан Мьянма армиясы және Карен этникалық тобына тиесілі қарулы топ - Карен ұлттық одағы (ҚҰУ) арасындағы қақтығыстар кеше де жалғасты.

Карен уәлаятына қарасты Хпапун аймағына Мьянма армиясы жасаған әуе шабуылдары нәтижесінде шамамен 3 мың бейбіт тұрғын елді-мекендерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Кеше Мандалайда Мьянма армиясы өртенген бір ғимаратта 7 адам өртеніп қаза тапқан, 11 адам жарақат алған болатын.

Екінші жағынан Еуроодақ Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаттары Жоғары өкілі Джосеп Боррель Мьянмадағы бейбіт тұрғындардың өліміне себеп болған адамдардың жауапқа тартылу керек екенін баса айтып, «Бұл трагедия тоқтау керек» деді.

АҚШ президенті Джо Байден болса Мьянмада төңкеріске қарсы демонстранттардың қауіпсіздік күштері тарапынан өлтірілуіне «Өте қорқынышты және үрейлендіретін оқиға» деген сөздерімен наразылық көрсетіп, төңкерісшілдерге бағытталған жаңа санкциялар туралы жұмыс істелгенін білдірді.

Жапония Мьянмада 1 ақпан күнгі төңкерістің артынан ұйымдастырылған бейбітшіл протесттер кезінде Мьянма армиясы мен полициясының бейбіт адамдарға қарсы шектен асқан күш қолданысын қатаң түрде айыптағанын білдірді.

Сыртқы істер министрі Мотеги Точимицу бейбіт тұрғындардың атылғанына, қамауға алынғандарға зорлық-зомбылық жасалғанына, БАҚ қызметіне қатаң қысым көрсетілгеніне назар аударып, бұл жағдайдың Мьянма әскері ресми түрде жариялаған «демократияның маңыздылығы» тақырыбына қарама-қайшы екенін атап көрсетті.

Мотеги «Бейбіт шерулерде нағыз оқ-дәрілердің қолданылуына жол берілмеу керек. Мьянма армиясына халықтың өмірін сыртқы қауіптен қорғайтын ұйым екенін ескерту керек. Жапония үкіметі бейбіт тұрғындарға қатысты зорлық-зомбылықты тез арада тоқтатуға, елдің іс жүзіндегі көшбасшысы және сыртқы істер министрі Аун Сан Су Чжиді босатуға және Мьянма демократиясын тез арада қалпына келтіруге шақырады» деді.



Ұқсас жаңалықтар