Ата-анасыз мигрант балалар күрт артты

Ақпан айында 9 мың 400 бала ата-анасыз Америка Құрама Штаттарына заңсыз кіруге тырысқан.

1605780
Ата-анасыз мигрант балалар күрт артты

Америка Құрама Штаттарының Мексика шекарасындағы Техас штатындағы абақтыда соңғы кезде елге кіруге тырысқан заңсыз мигранттардың саны күрт артты.

CBS арнасында жарияланған хабарда ең көп 72 сағаттық қамау үшін жобаланған Кеден және шекара қорғау департаментінің абақтысында бес мың шақты ата-анасыз бала 136 сағаттан бері отыр. 18 жастан кіші шамамен 10 мың 500 бала Денсаулық сақтау министрлігінің жедел баспаналарында отыр.

Ақпан айында 9 мың 400 бала ата-анасыз Америка Құрама Штаттарына заңсыз кіруге тырысқан. Бұл рекорд көрсеткіш.

Шекара қызметі соңғы 21 күнде орташа 500-ден астам баланың елге кіруге тырысқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар