Террористтер Афринге шабуылдады

Көлік қолданылмайтын жағдайға келді, жаралы азаматтар аурухунаға жеткізілді.

1595657
Террористтер Афринге шабуылдады

Сирияда бөлшектеуші террорлық ұйым YPG/PKK-ның басқыншылығы астындағы Тель-Рифаттан «Зәйтүн бұтағы» операциясында террордан тазаланған Африннің батысындағы Мериемин аймағына шабуыл жасалды. Шабуылда бір көлікте отырған үш бейбіт тұрғын жарақат алды.

Көлік қолданылмайтын жағдайға келді, жаралы азаматтар аурухунаға жеткізілді.

«Зәйтүн бұтағы» операциясында Африннен шығарылған террорлық ұйым ауданның оңтүстік шығысындағы Тель-Рифат аймағын басып алып отыр.

Түркия Сирия Ұлттық армиясының қолдауымен 2018 жылдың 20 қаңтар күні Африн ауданын террорлық ұйым басқыншылығынан құтқару үшін «Зәйтүн бұтағы» операциясын ұйымдастырып,  18 наурыз күні Афринді террордан тазалаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар