"Ирак пен АҚШ елде шетелдік күштердің болмысын тұрақты қаламайды"

Ирак президенті Бехрем Салих АҚШ-тағы Brookings институттың онлайн конференциясына қатысты.

1590420
"Ирак пен АҚШ елде шетелдік күштердің болмысын тұрақты қаламайды"

Ирак президенті Бехрем Салих елдің және АҚШ-тың шетелдік күштердің тұрақты болғанын қаламайтынын және террористік ұйым ДАИШ-ке қарсы күрестің жалғасатынын мәлімдеді.

АҚШ-тағы Brookings институттың «Таяу Шығыс және жаңа АҚШ әкімшілігі» тақырыпты онлайн конференцияға қатысқан Салих террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы міндетті аяқтамағандарын, Сирияда террористік топтар бар екенін және терроризмге қарсы операциялардың жалғасу керектігін атап көрсетті.

Салих «Ирак пен АҚШ үкіметтері елде шетелдік күштердің болмысын тұрақты қаламайды» деді.

Иранмен қарым-қатынастарының Ирак пен көршілерінің тұрақтылығына жол ашатынын үміт еткенін атап көрсеткен Салих елінің «прокси-соғыстар сахнасына» айналғанын білдірді.

Салих өз елінің Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі елдерімен қарым-қатынасын нығайту үшін жұмыс істеп жатқанына назар аударып, Ирактың аймақта маңызды рөл ойнай алатындығын атап өтті.

ДАИШ террор ұйымына қарсы АҚШ бастаған коалицияның Иракта 2500-і АҚШ-тық барлығы 3000 сарбазы бар.



Ұқсас жаңалықтар