Арменияда Пашинянға қарсы наразылық шеру ұйымдастырылды

Ереванда премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуі үшін шеру ұйымдастырды.

1588130
Арменияда Пашинянға қарсы наразылық шеру ұйымдастырылды

Арменияда мыңдаған адам бас қала Ереванда премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуі үшін наразылық шеруі ұйымдастырды.

Оппозициялық партиялардың өкілдері қатысқан демонстрацияда Таулы Қарабахта бақылауды Әзербайжанға қалдырғаны себепті Пашинянның міндеттен кетуі талап етілді.

Демонстранттар 10 қарашада Ресейдің бастамасымен жарияланған атысты тоқтатуға қоса аймақтың бақылауын Әзербайжанға қалдыруды қамтитын келісімге қарсы ұрандар көтерді.

Өз елінде Еуроодақ жақтаушысы ретінде танымал болғаны себепті Ресейдің де қатаң наразылығын туғызған Пашинян билікке 2018 жылы келген болатын.



Ұқсас жаңалықтар