Байден міндетін бастады

Америка Құрама Штаттарының жаңа президенті ант берді.

1567769
Байден міндетін бастады

Америка Құрама Штаттарында 3 қараша сайлауынан кейін жаңа әкімшілік міндетін бастады.

Сайланған президент Джо Байден мен сайланған тұңғыш әйел вице-президент Камала Харрис ант беріп, міндетін бастады.

Байден мен Харрис ұлықтау рәсімі қарсаңында Вашингтон қаласындағы Әзіз Мэттью катедраліне барып,  артынан Капитолийге келді.

Осында Түркия уақытымен сағат 20-да Байден Америка Құрама Штаттарының 46-шы президенті, Харрис болса 49-шы вице-президент ретінде ант берді.

Жаңа президент Байденнің алғашқы сөздері «Бүгін – демократияның, тарихтың және үміттің күні» болды.



Ұқсас жаңалықтар