НАТО-дан Түркия-Грекия мәлімдемесі

Столтенберг Түркия-Грекия арасында бөлу процедуралары механизмінің жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

1538019
НАТО-дан Түркия-Грекия мәлімдемесі

НАТО Бас хатшысы Йенс СтолтенбергТүркия мен Грекия арасында Жерорта теңізінің шығысында болуы ықтимал оқиғалар мен апаттардың алдын алу үшін құрылған бөлу процедуралары механизмінің жұмыс істеп жатқанын және оны күшейтуді қалағандарын мәлімдеді.

Столтенберг бейнеконференция әдісімен ұйымдастырылған НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысының алғашқы күнгі отырысының артынан баспасөз жиналысы өткізді.

Сыртқы істер министрлерінің жиналысында Жерорта теңізінің шығысындағы жағдайдың күн тәртібіне келгенін атап көрсеткен Столтенберг Грекия мен Түркия арасында жағымсыз оқиғалар мен апаттардың алдын-алу мақсатты бөлу процедуралары механизмінің құрылғанын бір байланыс желісі орнатылғанын және кейбір әскери жаттығулардың болса өзара жойылғанын еске салды.

 «Мұның бәрі отырып сөйлескен кезде шиеленісті азайту үшін сенімділік шараларын арттыра алатынымызды көрсетеді. Механизм бар, жұмыс істейді. Өзара ақпарат алмасу бар, байланыс арналары ашық. Мен екі министрге де НАТО-да механизмді одан әрі күшейтуге дайын екенімді айттым. Біз мұны осында жасай аламыз. Біз күн сайын НАТО-да бас қосамыз», - деді ол.

Екі ел арасында НАТО-да техникалық келіссөздер жүргізілгенін еске салған Столтенберг негізгі проблемаларды шешуде Германия жетекшілік жасаған бастамаларды қолдағандарын және НАТО-да құрылған механизмнің мұндай бастамаларға көмектесетінін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар