Иранмен ядролық келісім Венада талқыланады

Венада өтетін жиналысқа Қытай, Франция, Германия, Ресей, Ұлыбритания және Иран елдерінің өкілдері қатысады.

1537096
Иранмен ядролық келісім Венада талқыланады

Иран және батыстық елдермен бірге Ресей мен Қытай арасында жасалған ядролық келісімдердің тараптары Австрияның астанасы Венада бас қосады.

Еуропа Одағы Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік жоғарғы өкілі Жозеп Боррель жазбаша мәлімдемесінде Иранмен жасалған ядролық келісім ретінде танылған "Ортақ көлемді әрекет жоспарының" (JCPOA) Ортақ комиссиясына Боррельге  өкілдік ретінде Еуроодақ Сыртқы байланыстар басқармасының Бас хатшысы Хельга Мария Шмид төраға болады.

Жиналысқа Қытай, Франция, Германия, Ресей, Ұлыбритания және Иран елдерінің өкілдері қатысады.

Қатысушылар Иран ядролық келісімін қорғауға бағытталған жұмыстар және келісімге тараптарлардың бағынуына байланысты дамуларды қолға алады.

Келісім Иранның ядролық іс-шараларын бақылау және тәртіпке салу, осыған қарымжы ретінде санкцияларды жою мақсатымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, сонымен бірге Германия және Еуроодақ елдері мен Иран арасында 2015 жылы жасалған болатын.

АҚШ президенті Трамп билікке келгеннен кейін Вашингтон әкімшілігі келісімнен шегінді және Иранға қайтадан ванкция жасай бастады. 

Келісімнің өзге тараптарларынан Вашингтонды тоқтатуды сұраған және табысты бола алмаған Иран 2019 жылы шілдеде ядролық келісімнің кейбір бабтарын, 5 қаңтарда келісімнің барлық кепілдіктерін тоқтатқанын жариялады.   



Ұқсас жаңалықтар