Теңіздегі жандыларға да Ковид-19 жұғады

Мамандар кит, дельфин, итбалық сияқты теңіз сүтқоректілерінің Ковид-19 вирусын жұқтыру мүмкіндігін зерттеді.

1526768
Теңіздегі жандыларға да Ковид-19 жұғады

Теңіз сүтқоректілеріне су жолымен жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінің жұғатыны анықталды.

"The Daily Mail" газетінің хабарына қарағанда Канададағы Halifax Dalhousie университетінің мамандары кит, дельфин, итбалық сияқты теңіз сүтқоректілерінің Ковид-19 вирусын жұқтыру мүмкіндігін зерттеген.  

Зерттеуде 36 теңіз сүтқоректісінің геномы бақыланып, мұның кемінде 15-інің Ковид-19 індеті қаупінде екені анықталған.

Ғалымдар теңіз сүтқоректілеріндегі "Ангиотензинді түрлендіретін фермент 2" (ACE2) атты ақуыз (protein) ферментінің вирусқа төзімсіз екенін алға тартты.

Теңіз сүтқоректілерінің вирусқа қарсы адамдардан тіпті төзімсіз екенін білдірген ғалымдар тұқымы құруға беталған теңіз сүтқоректілерінің су қалдықтарынан вирус жұқтыруы мүмкін екенін ескертті. 

Ғалымдар теңіз сүтқоректілерінің бұрын да өмірлеріне қауіп төндірген бауыр және өкпені зақымдайтын басқаша Ковид-19 түрлерін жұқтырғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар