Йенс Столтенберг Түркия мен Грекияға ризашылығын білдірді

НАТО Бас хатшысы Түркия мен Грекия арасында құрылған механизмге ризашылығын білдірді.

1514284
Йенс Столтенберг Түркия мен Грекияға ризашылығын білдірді

НАТО Бас хатшысы Йенс СтолтенбергТүркия мен Грекия арасында құрылған механизмге ризашылығын білдірді.

Бас хатшы бейнеконференция жолымен НАТО Қорғаныс министрлері жиналысының алғашқы күні баспасөзге мәлімдеме жасады.

Жиналыста Шығыс Жерорта теңізіндегі жағдайды қолға алғандарын атап көрсеткен Столтенберг министрлердің халықаралық заңдар мен одақтастық ынтымақтастығы шеңберінде аймақта қызуды түсіру керекті тақырыбында келісті. Столтенберг «НАТО Қорғаныс министрлері сондай-ақ Шығыс Жерорта теңізінде оқиғалар мен апаттардың алдын алуды мақсат еткен НАТО-дағы қақтығыстардың алдын алуға бағытталған механизмге мықты қолдау берді. Ауа мен теңізде адам шығындарының алдын алу ауыр бір жауапкершілік. Мұны тек қана кемелеріміздің капитандары және ұшақтарымыздың ұшқыштарына жүктей алмаймыз. Саясаткерлер ретінде біздер келіспеушіліктерді шешу үшін жасай алатынымыз әр нәрсені жасауымыз керек» деді.

Бөлісу ережелері механизмінің саяси келіссөздер үшін жағдай жасай алатынын атап көрсеткен Столтенберг Германия талпыныстарымен зертеушілік келіссөздердің басталуын үміт еткендерін атап, механизмнің бұған қолдау беретінін жеткізді.

Столтенберг Түркия мен Грекияның мұндай бір механизм құрғандары үшін ризашылық білдіргендерін, тараптардың 7 күн 24 сағат байланысатын бір жеді орнағанын атап, «Бұл механизмнің ауқымының қалай кеңейтілетінін және күшейтіле алатынына қараймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар