Бисли 36 елде ашаршылық болуы мүмкіндігін айтты
Дэвид Бисли "Қазір тек жаңа коронавирус індетімен ғана емес, ашаршылық қаупімен де бетпе-бет қалудамыз" деді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Әлем азық-түлік бағдарламасы (WFP) директоры Дэвид Бисли әлемнің қазір тек жаңа коронавирус індетімен қана емес, ашаршылық қаупімен де бетпе-бет қалғаны жайлы ескерту жасап, ең жаман сценарий бойынша мөлшермен 36 елде ашаршылық болуы мүмкіндігін айтты.
Бисли БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне видеоконференция арқылы соғыстар және қарулы қақтығыстар салдарынан болған ашаршылықтықтың жай халыққа тигізетін зардаптары жөнінде мағлұмат берді.
Жаңа коронавирус індеті басталудан бұрын 2020 жылы Бірінші Дүниежүзілік соғысынан осы таңға дейінгі ең жаман адамдық дағдарыстың болатыны жайлы ескерту жасағандарын түсіндірген Бисли "Қазір тек жаңа коронавирус індетімен ғана емес, ашаршылық қаупімен де бетпе-бет қалудамыз" деген сөздер қолданды.
Бисли Йемен, Сирия және Оңтүстік Судандағы соғыстармен қатар Шығыс Африкадағы шегіртке, табиғи апаттар және климат өзгерістерінің жаратқан зардаптарына назар аударды.
Соғыс аймақтарындағы миллиондаған адам күн өткен сайын ашаршылыққа тап болудың алдында екенін баяндаған Бисли "821 миллион адам түнде аш жатуда" деді.
Ұқсас жаңалықтар
Бельгияда Израильге қарсы бойкот акциясы
Еркін Университеті студенттері Бельгияда Израильге қарсы бойкот акциясы бастады.
Путин Қорғаныс министрін қызметінен босатты
Ресей президенті Андрей Белоусовты жаңа қорғаныс министрі ретінде ұсынды.