Тегеран мен Вашингтон арасында шиеленіс жалғасуда

Иран Арак реакторының қайтадан іске қосылғанын мәлімдеді.

1244289
Тегеран мен Вашингтон арасында шиеленіс жалғасуда

АҚШ-тың ядролық келісімнен шегінуінің артынан Тегеран мен Вашингтон арасында шиеленіс жалғасуда.

Иранның келісімнің тарапы болған Еуроодақ елдеріне келіссөзге қайта оралу үшін мамыр айында берген 60 күндік мерзім аяқталды.

Иран Атом энергиясы мекемесінен келген соңғы мәлімдеме болса шиеленісті одан да арттырды. Мәлімдемеде Арак реакторының қайтадан іске қосылғаны атап көрсетілді. Реакторда ядролық соғыс тұмсықтарында қолданылған плутоний өндірілуде.

Иран президенті Хасан Рухани болса Вашингтон әкімшілігін сынға алған бір мәлімдеме жасады. «Аймақтағы шиеленістің себебі Америка Құрама Штаттарының ядролық келісімнен бір жақты бас тартуы» деді. Хасан Рухани аймақта шетелдік күштердің болмысының қауіпсіздікке үлес қоспайтынын баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар