Индонезия президенті астана Джакартаны көшіруге шешім қабылдады
Жаңа астананың жан саны 900 мың мен 1.5 миллион арасында болатыны және көшу жұмыстарының 10 жыл жалғасатыны білдірілді.
Индонезия президенті Джоко Видодо Ява аралындағы астана Джакартадан басқа бір қалаға көшуге шешім қабылдады.
Жоспарлау министрі Бамбанг Брожонегоро Видодоның кабинет жиналысында астананы адам өте көп, ауасы ластанған және селмен күрескен Джакартадан көшіруге шешім қабылдағанын білдірді.
Министр Видодоның Индонезия жан санының 57 пайызының Ява аралында тұратынын және экономикалық іс-шаралардың аралға шоғырыланғанын, Яваның көлемі шекті екенін дәріптегенін білдірді.
Жоспарлау министрі келесі жолғы кабинет жиналысында астананы көшіру жоспарының техникалық жақтан бағаланатынын тілге тиек етті.
Жаңа астананың жан саны 900 мың мен 1.5 миллион арасында болатыны және көшу жұмыстарының 10 жыл жалғасатыны білдірілді.
Ұқсас жаңалықтар
Путин Қорғаныс министрін қызметінен босатты
Ресей президенті Андрей Белоусовты жаңа қорғаныс министрі ретінде ұсынды.