Гүл экспортында жетістік
2024 жылы Түркиядан 141 миллион долларлық гүл экспортталды.
2024 жылы Түркиядан 141 миллион долларлық гүл экспортталды, ең көп гүл Нидерланд пен Ұлыбританияға сатылды.
Флорасында 3 500-ден астам эндемикалық өсімдік түрі бар Түркия кесілген гүлдер, үй ішіне және сыртқы ортаға арналған өсімдіктер, гүл пиязшықтары, көшеттер, ағаш көшеттері, гүл шоқтары мен мүк секілді өнімдер бойынша едәуір экспорт көлемін жүзеге асырып отыр.
Жылыжайларда және жайлауда жыл бойы өндіріс жасайтын саланың өкілдері негізінен Нидерланд пен тағы 80 елге өнімдерін жөнелтеді.
Нидерланд пен Ұлыбританиядан басқа, Германия, Румыния, Болгария және Украинаға көбінесе қалампыр гүлдері экспортталады.
Сыртқы ортаға арналған көгалдандыру өнімдері бойынша негізінен ағаш түрлері мен жеміс ағаштарының көшеттеріне сұраныс жоғары.
Сәндік өсімдік пен өнім экспорттаушылар қауымдастығының төрағасы Исмаил Йылмаз өткен жылмен салыстырғанда сыртқы сауданың 2%-ға өскенін хабарлап, өткен жылы сала 141 миллион долларлық экспортқа қол жеткізгенін атап өтті.
Йылмаз бұл көрсеткішті оң бағаға лайық деп есептеп, "Біздің ең маңызды нарығымыз – Нидерланд. Нидерланд әрдайым бірінші орында. Одан кейін Ұлыбритания тұр. Ұлыбритания да өнімдерімізді көптеп жеткізетін негізгі нарықтардың бірі. Бұдан бөлек Германия, Румыния, Болгария, Украина секілді елдерге де айтарлықтай өнім экспорттаймыз. Түркі мемлекеттері мен Парсы шығанағы елдеріне әсіресе сыртқы ортаға арналған өнімдерді жөнелтеміз. Бұл аймақтардағы нарығымыз күннен күнге кеңейіп келеді.",- деді.
Ұқсас жаңалықтар
Бенгазиге Стамбулдан рейс басталды
Түрік авиакомпаниясының ұшағы бүгін таңертең Стамбул әуежайынан Бенгазиге ұшты.