Түркияға көрші елдерден көп турист келген

Ең көп турист Иран, Ресей және Болгариядан келген.

2127934
Түркияға көрші елдерден көп турист келген

Осы жылдың алғашқы екі айында Түркияға 4 миллион 341 мың 606 адам келсе, ең көп турист Иран, Ресей және Болгариядан келген.

Мәдениет және туризм министрлігінің туризм статистикасынан алынған мәліметтерге қарағанда 2023 жылы Түркияға келген шетелдік турист саны 56 миллион 693 мың 837 болды. Бұл келушілердің 49 миллион 209 мың 180-і шетелдіктер болса, 7 миллион 484 мың 657-сі «шетелде тұратын Түркия азаматтары» болды.

Шекарадан кіру-шығу статистикасы бойынша Түркия 2024 жылдың қаңтар айында 2 миллион 47 мың 27, ақпан айында 2 миллион 294 мың 579 шетелдік қонақты қабылдады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде Түркияға 3 миллион 876 мың 381 шетелдік турист келген.

Осы деректерге қарағанда осы жылдың қаңтар-ақпан кезеңінде Түркияға келген шетелдіктер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 пайыз артып, 4 миллион 341 мың 606-ға жетті.

2023 жылы және 2024 жылдың алғашқы 2 айында Түркияға келген туристтердің жалпы саны 61 миллион 35 мың 443 болды.

Қаңтар және ақпан айларында Түркияға ең көп қонақ жіберген ел 437 мың 905 адаммен Иран болды. Ираннан кейін 433 мың 654 адаммен Ресей және 345 мың 301 адаммен Болгария келеді.

Болгариядан кейін тізімде Германия мен Грузия тұр.



Ұқсас жаңалықтар