Түркияның туризм кірісі өсті
Түркия Статистика Мекемесі қаңтар-наурыз кезеңінің туризм статистикасын жариялады.
2133844
Түркияның туризм кірісі жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4 пайыз артып, 8 миллиард 784 миллион 800 мың долларға жетті.
Түркия Статистика Мекемесі қаңтар-наурыз кезеңінің туризм статистикасын жариялады.
Туризм кірісі қаңтар, ақпан және наурыз айларынан құралған бірінші тоқсанда өткен жылдың бірдей тоқсанына қарағанда 5,4 пайыз артып, 8 миллиард 784 миллион 800 мың долларға жетті.
Туризм табысының 21 пайызы Түркияға келген шетелде тұратын азаматтардан алынды.