Азияның жаңа «миллиардер астанасы» -  Мумбай қаласы

Мумбай 92 миллиардерімен Бейжіңнен асып түсіп, Азия құрлығындағы ең көп миллиардер тұратын қала атанды.

2120638
Азияның жаңа «миллиардер астанасы» -  Мумбай қаласы

Азияның жаңа «миллиардер астанасы» -  Үндістанның Мумбай қаласы.
Штаб-пәтері Шанхайда орналасқан «Hurun» зерттеу институтына негізделген «Nikkei Asia» баспасөз ұйымының хабарына қарағанда, Мумбай 92 миллиардерімен Қытай астанасы Бейжіңнен асып түсіп, Азия құрлығындағы ең көп миллиардер бар қала атанды.
Институттың есебіне сәйкес, Нью-Йоркте 119 миллиардер және Лондонда 97 миллиардер болса, Мумбай 92 миллиардермен әлем бойынша үшінші орында тұр.
Үндістанда барлығы 271 миллиардер бар.  Мумбай экономикасы 2023 жылы 7,5 пайызға өсті.
Елдер арасында Қытай 814 миллиардермен тізімнің басында болса, бұл сан 2022 жылға қарағанда 155-ке азайған.

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) елдер арасы миллиардерлер тізімінде 800 миллиардермен екінші орында тұр.
АҚШ-тың чип өндірушісі «Nvidia» компаниясының бас атқарушы директоры Дженсен Хуанг 48 миллиард доллармен тізімдегі алғашқы 30-ға кірсе, «Google», «Meta» және «Microsoft» иелерінің байлығы едәуір өсті. 
 



Ұқсас жаңалықтар