Анталия шетелдік турист саны бойынша рекорд жаңартты

Германия Анталияға ең көп турист жіберген елдер арасында бірінші орынды иеленді.

2111485
Анталия  шетелдік турист саны бойынша рекорд жаңартты

Анталия жылдың алғашқы екі айында шетелдік турист саны бойынша рекорд жаңартты.

Мәдениет және туризм министрлігінің мәліметінше, қаңтар және ақпан айларында қалаға келген шетелдік турист саны 10,82 пайызға артып, 499 мың 784-ке жеткен.

Германия ақпан айында 58 мың 228 адаммен Анталияға ең көп турист жіберген елдер арасында бірінші орынды иеленді.

48 мың 937 адаммен Ресей Федерациясы 2-ші, Англия 37 мың 454 адаммен 3-ші орында.

Анталияға Англиядан кейін ең көп турист жіберген елдер арасында Польша, Нидерланды, Қазақстан, Украина, Дания, Австрия және Бельгия болды.

Екі айлық деректерде 106 мың 304 келушімен Ресей Федерациясы 1-ші, Германия 97 мың 655 келушімен 2-ші, Англия 55 мың 384 келушімен 3-ші орында келеді.

Англиядан кейін сәйкесінше Польша, Қазақстан, Украина, Нидерланды, Иран, Бельгия және Дания келеді.



Ұқсас жаңалықтар