250 мың шақты көлікті кері шақырады

Компания кері шақырылатын көліктердің 37 мыңы Германияда екенін білдірді.

2105066
250 мың шақты көлікті кері шақырады

Германиялық автомобиль өндіруші «Mercedes-Benz» «ықтимал өрт қаупі» себебімен әлем көлемінде 250 мың шақты көлікті кері шақырады.

Компания кері шақырылатын көліктердің 37 мыңы Германияда екенін білдірді. Осы шақыру  шешімі Мерседестің 2023 жылы өндірілген «AMG GT», «C» сериясы, «CLE», «E» сериясы, «EQE», «»EQS», GLC», «S» сериясы мен  «SL» модельдерін қамтиды. Компания кері шақырылған көліктердің кейбір бөлшектерін тегін ауыстырады.

Жоспарланған ауыстыру ісі 2-2,5 сағатқа жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар