Түркияның ТМҰ мүше елдерге экспорты артты

Соңғы жылдары Түрік Мемлекеттері Ұйымына мүше елдер арасындағы тауар айналымы айтарлықтай өсті.

2096291
Түркияның ТМҰ  мүше елдерге экспорты артты

Түркияның Түрік  Мемлекеттері Ұйымына (ТМҰ) мүше елдерге (Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан) экспорты өткен жылмен салыстырғанда 14,2 пайыз артып, 6 миллиард 831 миллион долларға жетті.

Соңғы жылдары Түрік Мемлекеттері Ұйымына мүше елдер арасындағы тауар айналымы айтарлықтай өсті.

Түркия Экспортшылар Мәжілісінің деректеріне қарағанда Түркияның Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан құралған ТМҰ елдеріне экспорты өткен жылы 2022 жылға қарағанда 14,2 пайызға артып, 6,8 миллиард долларға жетті.

Аталмыш  кезеңде ең көп экспорт жасаған ел 2,4 миллиард доллармен Әзербайжан болды.

Одан кейін 1,7 миллиард доллармен Қазақстан, 1,6 миллиард доллармен Өзбекстан, 1 миллиард доллармен Қырғызстан тұр.

Түрік Мемлекеттері Ұйымы тармағындағы елдерге ең көп экспортты химиялық заттар мен өнімдер секторы жасады.

Бұл сектордың өткен жылы 4 елге экспорты 1 миллиард 173 миллион доллар болып тіркелді.

Ең көп экспорт 4 миллиард доллармен Стамбулдан жасалды.



Ұқсас жаңалықтар