Стамбул әуежайы бас бәйгені ешкімге бермеді

Стамбул әуежайы 1301 рейспен Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай атанды.

2095474
Стамбул әуежайы бас бәйгені ешкімге бермеді

Стамбул әуежайы 15-21 қаңтар аралығында күніне орта есеппен 1301 рейспен Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай атанды.

Еуропалық аэронавигация қауіпсіздігі ұйымының (Eurocontrol) 15-21 қаңтардағы Еуропа авиациялық есебі жарияланды.

Есепке сәйкес, Стамбул әуежайы осы кезеңде күніне орташа есеппен 1301 рейспен Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежайлар арасында бірінші орынды иеленді.

Стамбул әуежайынан кейін күніне орташа есеппен 1164 рейспен Лондон Хитроу және 1103 рейспен Амстердам Схипхол әуежайлары орын алды.



Ұқсас жаңалықтар