Еуропада электромобильдер көп сатылды

Әсіресе Франция, Италия және Испанияда электромобиль саудасы 2022 жылмен салыстырғанда өте артты.

2090519
Еуропада электромобильдер көп сатылды

Еуропа Одағы автомобиль нарығы 2023 жылы 13,9 пайыз артты.  Бірінші рет дизельді автокөліктерден электромобильдер көп сатылды.

Еуропа Автомобиль өндірушілері одағының деректеріне қарағанда, электрмен жүретін көліктердің саудасы 2022 жылмен салыстырғанда 37 пайыз артқан, барлық көлік саудасының 14,6 пайызын құраған.

Әсіресе Франция, Италия және Испанияда электромобиль саудасы 2022 жылмен салыстырғанда өте артты.

Гибридті көлік саудасы болса құрлықта 30 пайыз артты.

Былтын Еуропа көлемінде 3,7 миллион бензинмен жүретін көлік сатылды. Бұл да сатылған көліктердің 35,3 пайызын құрайды.

«Volkswagen» 2023 жылы алдынғы жылмен салыстырған 2,8 миллион артық жаңа көлік сатып,  өндірушілер арасында көш бастап тұр.



Ұқсас жаңалықтар