Түркияның шай экспорты артты

Түркия 2023 жылы Бельгия қатарлы 120 елге шай сатудан 25 миллион 388 мың 621 доллар кіріс түсірді.

2088095
Түркияның шай экспорты артты

Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығының деректеріне сәйкес түрік шайы өткен жылы 120 елге, автономды және еркін аймақтарға сатылды.

Алдыңғы жылы 22 миллион 808 мың 351 доллар болған түрік шайының экспорттық кірісі 2023 жылы 11 пайызға артып, 25 миллион 388 мың 621 долларға жетті.

Экспорты жыл сайын артып отырған түрік шайына ең көп сұраныс Бельгия, Ұлыбритания және Америка Құрама Штаттарынан келді.

Өткен жылы Бельгияға 8 миллион 189 мың 149 долларға түрік шайы сатылды. Бұл елге шай экспортынан түскен кіріс 4 миллион 168 мың 419 доллар болды. 2022 жылмен салыстырғанда 96 пайызға өсті.

Бельгиядан кейін 3 миллион 231 мың 926 доллармен Ұлыбритания және 2 миллион 780 мың 540 доллармен АҚШ тұр.

Өткен жылдардан айырмашылығы Түркия Польша, Словакия, Дубай, Бразилия, Антигуа және Бермуд аралдары, Габон, Сан-Томе, Уругвай, Португалия, Доминика, Доминикан Республикасы, Того, Латвия, Руанда және Замбияға да шай сатты.



Ұқсас жаңалықтар