Түркия өткен жылы 123 елге орман жаңғағын экспорт етті

Түркия орман жаңғағынан 1 миллиард 864 миллион 551 мың 43 доллар кіріс түсірді.

2087562
Түркия өткен жылы 123 елге орман жаңғағын экспорт етті

Түркия өткен жылы 121 елге 283 мың 518 тонна орман жаңғағы экспорттады. Экспорттан  1 миллиард 864 миллион 551 мың 43 доллар кіріс түсірді.

Қаратеңіз Орман жаңғағы мен өнімдерін экспорттаушылар қауымдастығының жазбаша мәлімдемесіне қарағанда  Германия 2023 жылы орман жаңғағы экспортталған елдер арасында бірінші орынға шықты.

2020 жылдан бері  Германияға 76 мың 346 тонна орман  жаңғағы жөнелтілді.

Түркия бұл елге экспорттан 496 миллион 219 мың 992 доллар  кіріс түсірді.

Орман жаңғағы экспортында Германиядан кейін Италия мен Франция тұр.

Италияға 310 миллион 773 мың 337 долларға 46 мың 528 тонна орман жаңғағы, Францияға 138 миллион 104 мың 314 долларға 21 мың 155 тонна орман жаңғағы  сатылды.

Соңғы жылдары Қытай да Түркияның орман жаңғағына қызығушылық көрсетуде.



Ұқсас жаңалықтар