Түркия шетелдік инвесторларды тартады

АҚШ-тың екі инвестициялық алпауыты «Pimco» және «Vanguard» Түркия нарығына инвестиция салды.

2085103
Түркия шетелдік инвесторларды тартады

Америка Құрама Штаттарының екі инвестициялық алпауыты «Pimco» және «Vanguard» Түркия нарығына инвестиция салды.

«Pimco» және «Vanguard» сатып алуларының көлемін жарияламады. Олардың инвестициясы Түркияға деген сенімнің белгісі.

«Pimco» кампаниясының басқарушы директоры Прамол Дхаван  «Бізде түрік активтеріне, әсіресе жергілікті валютада көрсетілген активтерге сындарлы көзқарас бар» деді.

«Pimco» кампаниясының  басқаруындағы шамамен 2 триллион доллар және «Vanguard» кампаниясының басқаруындағы шамамен 7,5 триллион доллар активтері бар.

28 мамырда өткен сайлауда президент Режеп Тайып Ердоған қайта сайланғаннан кейін Түркияда жаңа экономикалық саясат жүзеге асырыла бастады. Нәтижесінде шетелдік инвесторлар түрік нарығына қайта оралды. Шетелдік қызығушылық өткен айда соңғы 6 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті.



Ұқсас жаңалықтар