Инфляцияның өсуі бақылуға алынды

Ердоған инфляцияның өсуі бақылауға алынғандықтан Түркияға ресурстар ағынының да жылдамдайтынын айтты.

2079851
Инфляцияның өсуі бақылуға алынды

Президент Режеп Тайып Ердоған инфляцияның өсуі бақылауға алынғандықтан Түркияға ресурстар ағынының да жылдамдайтынын айтты.

Биржа Стамбулдың 150 жылдығына арналған қоңырау салтанатында сөз сөйлеген президент Ердоған инвестиция, өндіріс, жұмыспен қамту және экспортқа негізделген экономикалық серпілістерді жалғастыра отырып, көптеген реттеу жасағандарын түсіндірді.

Ердоған «Капитал нарықтарын манипуляциялауға тырысқан ашкөздерге алаңды бос қалдыра алмаймыз» деді.

Азаматтардың жан тыныштығымен пайдалана алатын және нақты экономикадан пайда алатын климат құруға бел байлағандарын түсіндірген  Ердоған: «Инфляцияның өсуі бақылауға алынғандықтан, біздің елге ресурстар ағыны жеделдейді деп сенеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар