Мехмет Шимшектің инвестициялық туры жалғасуда
Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшектің инвестициялық туры жалғасуда.
Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек Еуропа Одағының (ЕО) мерзімді төрағалығын атқаратын Испанияда бүгін және ертең кездесулер өткізеді.
Шимшек Испанияға Орталық банк бас директоры Хафизе Гайе Эрканмен бірге барады.
Шимшек пен Эркан жалпы айналымы 600 миллиард еуродан асатын Испанияда орналасқан 80-нен астам жаһандық компаниялардың аға менеджерлерімен кездеседі. Сонымен қатар 30-дан астам банк пен 2 триллион долларды басқаратын қор менеджерлерімен бас қосады.
Екі күндік келіссөздер Түркияның Еуроодаққа мүшелік процесіне де жаңа серпін береді деп күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Түркияның бал экспорты артты
Шығыс Қаратеңіз аймағының балы қаңтар мен сәуір аралығында 9 елге сатылды.
Түркияның орман жаңғағы экспорты 478,8 миллион доллардан асты
Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығы мәлімдеме жасады.