Түрік шайының экспорты өсті

Түрік шайының экспорты 11 айда 23,6 миллион доллардан асты.

2075672
Түрік шайының экспорты өсті

Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Ахмет Хамди Гүрдоған шайдың Түркиядан 117 елге, автономды және еркін аймақтарға сатылғанын айтты.

2023 жылдың қаңтар-қараша айларында шетелге 4 мың 995 тонна шай сатылып, 23 миллион 603 мың 945 доллар кіріс кіргенін түсіндірген  Гүрдоған, өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда экспорттың 19 миллион 994 мың 569 доллар болғанын және осылайша сыртқы сауданың 18 пайызға өскенін айтты.

Гүрдоған ең көп шай экспорттаған үш елдің Бельгия, Ұлыбритания және Америка Құрама Штаттарының  болғанын баяндады.



Ұқсас жаңалықтар