Түркияға келген шетелдіктер саны артты

Қазан айында Түркияға келген шетелдік азамат саны 4,99 миллион болды.

2068552
Түркияға келген шетелдіктер саны артты

Түркияға келген шетелдіктер саны қазан айында өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 3,83 пайыз артты.  Қазан айында Түркияға келген шетелдік азамат саны 4,99 миллион болды.

Туризм министрлігінің деректеріне қарағанда, шетелдік азамат саны қаңтар-қазан айларында 58 пайыз артты. Осы кезеңде барлығы 44,2 миллион шетелдік азамат Түркияға келген.

Қаңтар-қазан айларында ең көп келген шетелдік азаматтар арасында Ресей Федерациясының азаматтары баста келеді.  Ресейден келген азамат саны 26 пайыз артып, 5,8 миллионға жетті. Германиядан келгендер саны 8,38 пайыз артып,  5,7 миллион кісімен екінші орында.  Ұлыбританиядан келгендер 12,3 пайыз артып, 3,6 миллион кісімен үшінші орын иеленді.



Ұқсас жаңалықтар