TOGG 2025 жылы Еуропа жолдарында көрінетін болады

Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр Бельгияның астанасы Брюссельдегі кездесулері аясында мәлімдеме жасады.

2065490
TOGG 2025 жылы Еуропа жолдарында көрінетін болады

Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр Түркияның отандық және жергілікті автомобилі TOGG-ның 2025 жылы Еуропа жолдарында көрінетінін айтты.

Каджыр Бельгияның астанасы Брюссельдегі кездесулері аясында мәлімдеме жасады.

Каджыр алдын ала  тапсырыс берілген 20 мың TOGG-ның жыл соңына дейін иелеріне жеткізілетінін айтты.

Каджыр «2024 жылдың соңына қарай ТOGG Еуропалық Одаққа экспортталатын болады және біз 2025 жылы еуропалық жолдардағы ТOGG-ның көбеюін көреміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар