Ресейге жаңа санкция

ЕО-ның жаңа санкцияларының мақсаты – Ресейдің санкцияларды үшінші елдер арқылы бұзуына жол бермеу.

2064222
Ресейге жаңа санкция

Еуропа Одағының Ресейге қарсы жаңа санкция пакеті Еуропа Комиссиясының  қараша күнгі жиналысында жарияланады және артынан Еуропа Кеңесінің мақұлдауына ұсынылады.

ЕО сыртқы істер және қауіпсіздік саясаттары жоғары комиссары Жозеп Боррель тақырыпқа байланысты «12-ші санкция пакетіне байланысты жұмыстар жалғасуда.  Пакет қара тізімнің кеңейтілуі,  экспорт шектеулері, мұнайда баға тақырыптары және санкцияларды орындауға байланысты шараларды қамтиды» деді.

«Bloomberg» арнасы экспорттық шектеулер дәнекерлеу машиналарын, химиялық заттарды, қорғаныс технологияларын және бағдарламалық жасақтама лицензияларын қамтитынын хабарлады. Импортқа келетін болсақ, шектеулер металдарға, алюминий бұйымдарына, тасымалдау мен жөнелтуге қажетті материалдарға және алмаздарға қатысты болады.

Bloomberg»» агенттігінің хабарлауынша, ЕО-ның жаңа санкцияларының мақсаты – Ресейдің санкцияларды үшінші елдер арқылы бұзуына жол бермеу, өйткені Ресей қару-жарақ өндірісіне қажетті бөлшектерді, технологияларды және электронды өнімдерді осы елдерден жеткізе алады.

 



Ұқсас жаңалықтар