Түркия экономикасының өсу болжамы жоғарлады

UNCTAD Түркия экономикасының өсу болжамын биыл үшін 2,6 пайыздан 3,7 пайызға арттырды.

2046665
Түркия экономикасының өсу болжамы жоғарлады

Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы (UNCTAD) Түркия экономикасының өсу болжамын биыл үшін 2,6 пайыздан 3,7 пайызға арттырды.

UNCTAD Сауда және даму есебінің қазан айындағы санын жариялады.

Есепте  өткен жылы 3 пайыз болған әлемдік экономиканың өсімі 2023 жылы 2,4 пайызға дейін төмендеуінің күтілгені білдірілді.

UNCTAD  сәуірдегі есебінде биыл әлемдік экономика 2,1 пайызға өсетінін болжаған еді.

Есепте Түркия экономикасының 2023 жылғы өсуінің 2,6 пайыздан 3,7 пайызға көтерілгені атап өтілді. Америка Құрама Штаттары экономикасының биылғы өсу болжамы да 0,9 пайыздан 2 пайызға дейін қайта қаралды.



Ұқсас жаңалықтар