Бен Салман экономикалық дәлізі туралы мәлімдеме жасады

​​​​​​​Сауд Арабиясының Тақ мұрагері ханзада Мұхаммед бен Салман  Үндістан-Таяу Шығыс-Еуропа экономикалық дәлізі туралы мәлімдеме жасады.

2036189
Бен Салман экономикалық дәлізі туралы мәлімдеме жасады

Сауд Арабиясының Тақ мұрагері ханзада Мұхаммед бен Салман  Үндістан-Таяу Шығыс-Еуропа экономикалық дәлізінің Сауд Арабиясының «басқа елдердегі серіктестері мен жаһандық экономикаға» оң әсер ететінін айтты.

Үндістан сапары барысында  Бен Салман Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қатысқан Сауд Арабиясы-Үндістан инвестициялық форумында  сөз сөйледі.

Бен Салман «Экономикалық дәліз экономикалық байланысты нығайта отырып, елдеріміздің ортақ мүдделеріне қызмет етеді. Бұл басқа елдердегі серіктестерімізге және жалпы әлемдік экономикаға оң әсер етеді» деді.

Экономикалық дәліздің пайдасы туралы Бен Салман былай деді: «Біз халықаралық теңіз тасымалына оң үлес қосып отырмыз. Инфрақұрылым, соның ішінде теміржол және порт байланысы дамиды. Тауарлар мен қызметтердің транзиттік тасымалы ұлғайтылады, тиісті тараптар арасындағы өзара сауда нығайып, энергетикалық құбырлар тартылады».

Президент Режеп Тайып Ердоған да сөз болып отырған экономикалық дәліздің Түркиясыз мүмкін болмайтынын айтқан болатын.

Президент Ердоған G20 көшбасшылар  саммитінен  елге оралғанда ұшақта күн тәртіпке қатысты мәлімдеме жасаған еді. Ердоған Үндістан-Таяу Шығыс-Еуропа экономикалық дәлізіне қатысты «Түркиясыз бір дәліз мүмкін емес. Шығыстан батысқа Түркия арқылы өтуі көлік қозғалысының  ең қолайлы жол болып табылады» деген.



Ұқсас жаңалықтар