Түркияның өнеркәсіптік өндірісі артты

Түркия Статистика мекемесі өнеркәсіптік өндіріс индексінің шілде айының нәтижелерін жариялады.

2035662
Түркияның өнеркәсіптік өндірісі артты

Түркияның өнеркәсіптік өндіріс индексі шілде айында айлық деңгейде 0,4 пайыз төмендеп, жылдық 7,4 пайыз артты.

Түркия Статистика мекемесі өнеркәсіптік өндіріс индексінің шілде айының нәтижелерін жариялады.

Осыған қарағанда, күнтізбеге сәйкес түзетілген өнеркәсіп өндірісі шілде айында өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 7,4 пайыз артты.

Өнеркәсіптің ішкі салаларына талдау жасалғанда тау-кен өнеркәсібі секторы индексі шілде айында 1,7 пайыз, электр энергиясы, газ, бу және ауа кондициялау өндірісі мен тарату секторы индексі 4,1 пайыз, өңдеу өнеркәсібі секторы индексі 7,4 пайыз өсті.

Түзетілмеген өнеркәсіп өндірісі индексі де жылдық деңгейде 18,79 пайыз өсті.



Ұқсас жаңалықтар