Түркияның валюта қоры артып келеді

Сарапшылар шетелдік инвесторлардың Түркияға қызығушылығының артқанына назар аударды.

2023573
Түркияның валюта қоры артып келеді

Шетелдік инвесторлар Түркияның валюта резервіндегі өсуінің  жалғасуын күтуде.

Халықаралық несиелік рейтинг агенттігі Moody's жариялаған түрік экономикасының жылдық талдауынан кейін Ұлыбританияның алдыңғы қатардағы банктердің бірі «Barclays» та дамушы нарықтарды зерттеу есебінде Түркия Республикасы Орталық банкінің валюталық резервтерінің ұлғаюының жалғасуы күтілетінін атап өтті.

«Barclays» баяндамасында «Біз тамыз айының ортасынан 2024 жылдың соңына дейін валюталық резервтердің қосымша 17 миллиард доллар қалпына келуін күтеміз» деді.

Енді бір  жағынан Орталық банк резервтері 8-ші аптада өсу үрдісінен өтеді.

Мамыр айының соңында 98,5 миллиард доллар деңгейінде болған жалпы резервтер 4 тамызда 115,6 миллиард долларға көтерілді.

Сарапшылар шетелдік инвесторлардың Түркияға қызығушылығының артқанына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар