«Mein Schiff 5» круиздік кемесі Бодрум ауданына келді

Түркия круиздік туризммен көптеген турист қабылдауды жалғастыруда.

2013979
«Mein Schiff 5» круиздік кемесі Бодрум ауданына келді
Astoria Grande-Amasra.jpg
kusadasi kruvaziyerler.jpg
Bodrum-Mein Schiff 5.jpg

Мальта жалауы бар «Mein Schiff 5» круиздік кемесі 2 мың 747 жолаушыны Мугланың Бодрум ауданына әкелді.

Крит портынан кейін бағытын Бодрумға бұрған 295 метрлік алып круиздік кемеде көбісі неміс 2747 жолаушы мен 918 қызметкер болғаны айтылды.

Круиздік туризмнің маңызды орталықтарының бірі Кушадасына да 3 алып кемемен 9707 турист келді.

Багама жалауы бар «Odyssey Of The Seas», Бермуд жалауы бар «Enchanted Princess» және Маршалл жалауы бар «Sirena»  круиздік кемелері Кушадасы Эгей портында аялдады.

Көбі АҚШ азаматтарынан құралған  туристтердің бір бөлігі тур бағдарламасы аясында Измирдің Селчук ауданындағы Эфес көне қаласы мен Мәриямның үйін аралады.

Кедендік ресімдерден кейін кемеден түскен туристердің бір бөлігі туристік турларға қатысып, қирандыларды араласа, енді біреулері аудан орталығын аралап, сауда жасады.



Ұқсас жаңалықтар