"FED" пайыз мөлшерін шектеді

АҚШ Орталық банкі (FED) саясат процентін 5 - 5,25 пайыз аралығында шектеді.

1999995
"FED" пайыз мөлшерін шектеді

"FED" жасаған мәлімдемеде пайыздық мөлшерлемені тұрақты ұстау туралы шешімнің бірауыздан қабылданғаны айтылды.

Мәлімдемеде Федералды ашық нарық комитетінің (FOMC) ұзақ мерзімді перспективада максималды жұмыспен қамту мен 2 пайыздық инфляцияны мақсат еткені және бұл мақсаттарды қолдау үшін федералды қорлар мөлшерінің 5 - 5,25 пайыз аралығында ұстауға шешім қабылданғаны білдірілді.

Осылайша, "FED" саясат процентін 15 айдан кейін алғаш рет өзгеріссіз қалдырды.

АҚШ-тағы жоғары инфляция жағдайында өткен жылы активтерді сатып алу операциясын аяқтау арқылы пайызды арттыруға кіріскен "FED" 2018 жылдан бері алғаш рет 2022 жылдың наурыз айында 25 упай тармаққа көтеріліп, пайызды арттыруға шешім қабылдаған болатын.

Мамыр айындағы жиналыста өткен жылдың наурыз айынан бері 10-шы рет пайыз арттырған банк жалпы алғанда пайызды 500 упай көтерді.

АҚШ-тағы инфляция өткен жылдың маусым айында жылдық тұрғыдан 9 пайызбен 1981 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жеткеннен кейін соңғы рет мамыр айында 4 пайыз болып тіркелген еді.



Ұқсас жаңалықтар