Түркия экономикасының өсу болжамы жоғарлады

Экономикалық Ынтымақтастық және даму ұйымының «Маусым айындағы экономикалық болжам туралы рапорты» жарияланды.

1996585
Түркия экономикасының өсу болжамы жоғарлады

Экономикалық Ынтымақтастық және даму ұйымы Түркия экономикасының өсу мөлшерін 2.8 пайыздан 3.6 пайызға көтерді.

Экономикалық Ынтымақтастық және даму ұйымының «Маусым айындағы экономикалық болжам туралы рапорты» жарияланды.

Рапортта Экономикалық Ынтымақтастық және даму ұйымының 2023 және 2024 жылдарға арналған экономикалық өсу болжамдары қамтылған.

«Наурыз 2023» рапортында 2.6 пайыз деп жарияланған 2023 жаһандық нақты экономикалық өсу болжамы соңғы рапортта инфляцияның төмендеуі және Қытайдың коронавирустың жаңа түріне (Ковид-19) бағытталған шектемені алып тастауына байланысты 2.7 пайызға көтерілді.

2024 жылға арналған өсу болжамы 2.9 пайыз деңгейінде сақталды.

Түркия экономикасының наурыз айында биылғы жыл үшін 2.8 пайыз деп жарияланған өсу болжамы жарияланған жаңа рапортта 3.6 пайызға көтерілді.

Ішкі сұраныстың Түркияның экономикалық өсуінің негізгі қозғаушы күші болып қала беретіні білдірілген рапортта түрік экономикасының 2024 жылға арналған өсу болжамы 3.7 пайыз болды.



Ұқсас жаңалықтар