Кушадасына 5 круиздік кеме келді

Айдынның Кушадасы ауданына 5 круиздік кемемен 7 мың 550 турист келді.

1986827
Кушадасына 5 круиздік кеме келді

Түркияның маңызды туризм орталықтарының бірі Айдынның Кушадасы ауданына 5 круиздік кемемен 7 мың 550 турист келді.

Мальта жалауы бар «Azamara Pursuit», Багам жалауы бар «Norwegian Jade», Норвегия жалауы бар «Viking Sky», Багамдық жалаулы «Wind Star» және Мальта туындағы «Celestyal Crystal» кемелері Эгей Порт Кушадасы кемежайына келді.

Круиздік кемелерден түскен 7 мың 550 туристтің бір бөлігі Ефес ежелгі қаласы мен Мариям Ана үйін көру үшін автобустармен порттан шықты.

Тур бағдарламаларына қатыспаған туристер қала орталығында сауда жасады.



Ұқсас жаңалықтар