«Амасра-3» ұңғымасында бұрғылау жұмыстары басталды
Түрік мұнай корпорациясы «Фатих» бұрғылау кемесінің мұнай іздеу жұмыстарын бастағанын жариялады.
1983538
Түрік мұнай корпорациясы «Фатих» бұрғылау кемесінің «Амасра-3» ұңғымасында бұрғылау жұмыстарын бастағанын хабарлады.
Түрік мұнай корпорациясының ресми Твиттер аккаунтынан жасалған хабарламасында «Түркияның мақтанышы «Фатих» бұрғылау кемесі Сакария газ кенішіндегі жаңа «Амасра-3» ұңғымасындағы бұрғылау жұмыстарын бастады. «Энергетикада тәуелсіз Түркия» нысанамызға жету үшін құрлық пен теңіздегі іздестіру жұмыстарымыз үздіксіз жалғасады» делінді.
Ұқсас жаңалықтар
Стамбулда аккумулятор шығаратын зауыт ашылды
Стамбулда аккумулятор шығаратын зауытты Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр ашты.