Жаһандық сауда өсімі 1.7 пайыз артты

Дүниежүзілік Сауда ұйымы жаһандық сауда болжамы мен статистикасы туралы сәуір айындағы есебін жариялады.

1970537
Жаһандық сауда өсімі 1.7 пайыз артты

Дүниежүзілік Сауда ұйымы 2023 жылға арналған жаһандық сауданың өсімін 1 пайыздан 1.7 пайызға дейін көтерді.

Дүниежүзілік Сауда ұйымы жаһандық сауда болжамы мен статистикасы туралы сәуір айындағы есебін жариялады.

Рапортта 2023 жылға арналған жаһандық тауар саудасының өсу болжамы жаһандық экономиканың қалпына келуіне байланысты 1 пайыздан 1.7 пайызға дейін көтерілгені хабарланды.

Геосаяси шиеленістердің, азық-түлік нарығындағы қамдау проблемаларының және инфляция жағдайында пайыздық өсімдердің нашар әсерлерінің биылғы жылы әлемдік саудада күтілетін өсуді азайтуы мүмкін екені айтылған рапортта «Украинадағы соғыстың әсерлері, тұрақты жоғары инфляция, қатаң ақша-несие саясаты және қаржы нарықтарындағы белгісіздіктің әсерімен әлемдік тауар саудасының көлемі биыл 1.7 пайызға өсуі күтілуде" деп көрсетілді.

Дүниежүзілік Сауда ұйымының Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала рапортқа берген бағасында:

«2023 жылы жаһандық сауда жалғасты сыртқы факторлардың қысымында болады. Бұл үкіметтердің саудадағы үзілістердің алдын алуын және саудаға тосқауыл қоюдан аулақ болуының маңызын арттырады» деді.

Дүниежүзілік Сауда ұйымының бас экономисі Ральф Осса үкіметтер мен реттеушілер алдағы айларда банк жүйесіндегі әлсіздіктер сияқты басқа қаржылық қауіптерден сақ болуы керек деді.



Ұқсас жаңалықтар