Наурызда экспорт еселеп артты

Сауда министрі Мехмет Муш министрлікте өткізген баспасөз мәслихатында наурыз айының сыртқы сауда көрсеткіштерін жариялады.

1969625
Наурызда экспорт еселеп артты

Наурыз айында қазірге дейінгі ең жоғары айлық экспорт 4.4 пайыздық өсіммен жүзеге асты.

Сауда министрі Мехмет Муш министрлікте өткізген баспасөз мәслихатында наурыз айының сыртқы сауда көрсеткіштерін жариялады.

Министр Муш 6 ақпанда Кахраманмарашта болған жер сілкінісінің өндіріс пен тасымалдағы нашар әсерлеріне қарамастан наурыз айында экспорттың 4.4 пайыз артумен 23.6 миллиард долларға жеткенін білдірді.

"Бұл көрсеткіш барлық уақыттағы ең жоғары айлық экспорт көрсеткіші. Еуро мен доллар айырмашылығының экспортымызды 340 миллион долларға қысқартқанына қарамастан, біз бұл жетістікке жеткенімізді атап өткім келеді"  деді министр Муш.

Сауда министрі Мехмет Муш 2023 жылдың бірінші тоқсанында экспорттың 2.5 пайыз артып, 61.6 миллиард долларға жеткенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар