«Toyota-ның» гибридті жаңа көлік моделі алғаш рет Түркияда шығарылады

Түркиядағы зауыт компанияның Еуропадағы зауыттары арасында қайта зарядталатын көлік шығаратын алғашқы зауыт болады.

1939729
«Toyota-ның»  гибридті жаңа көлік моделі алғаш рет Түркияда шығарылады

«Toyota» компаниясының гибридті жаңа көлік моделі «C-HR» әлемде алғаш рет Түркияда шығарылады.

«Toyota» жасаған мәлімдемеге қарағанда, «Toyota Automotive Industry Türkiye» қайта зарядталатын «C-HR» моделін бірінші  рет Түркиядаңы зауыттарында шығарады. Түркиядағы зауыт компанияның Еуропадағы зауыттары арасында қайта зарядталатын көлік шығаратын алғашқы зауыт болады.

Сакариядағы зауытта тағы бір жаңалық болады. «Toyota» Еуропа аймағындағы алғашқы аккумулятор өндіріс желісін осында құрады.

Жаңа «C-HR» моделі «Toyota» компаниясының 2025 жылға қарай Еуропада 1,5 миллион автокөлік сату деген мақсатына айтарлықтай үлес қосады деп жоспарланды.

Компанияның көміртекті бейтарап міндеттемесінің көрініс тапқан түрі -  жаңа «Toyota C-HR». Ал бәсекелестік көп және Еуропадағы ең үлкен нарық болып табылатын «C-SUV» сегментіне әртүрлі электрлендіру нұсқаларын ұсынады. Гибридті нұсқаға қосымша, отандық аккумулятор және қайта зарядталатын гибридті «C-HR» «Toyota» автокөлік компаниясының 2030 жылға 100 пайыз электрлік модельдер шығару мақсатына айтарлықтай үлес қосады.

Жаңа «Toyota C-HR» сонымен қатар «Toyota-ның» C-SUV сегментіндегі жаңа дизайн түсінігін көрсетеді. Осы жобамен «Toyota New Global Platform» (TNGA2) бойынша 5-ші буын гибридті және қайта зарядталатын гибридті технологиясы бар жаңа «C-HR» әлемде алғаш рет Түркияда шығарылады.



Ұқсас жаңалықтар